Меропенабол в порошке — инструкция по применению

Инструкция по применению меропенабола в порошке, описание действия препарата, показания к применению порошка меропенабола, взаимодействие с другими лекарствами, применение меропенабола (порошок) при беременности. Инструкции:
Торговое название: Меропенабол
Международное название: Меропенем
Лекарственная форма:
Порошок для приготовления раствора для внутривенного введения, 0,5 г и 1,0 г.
Показания к применению:
Атс классификация:
J Противомикробные средства для системного применения
J01 Антибактериальные средства для системного применения
J01D Прочие бета-лактамные антибиотики
J01D H Карбапенемы
Фарм. группа:
Бета-лактамные антибактериальные препараты. Карбапенемы. Код АТС J01DН02
Условия хранения:
Хранить в сухом, защищенном от света месте, при температуре не выше 25°С. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
3 года. Не использовать по истечении срока годности.
Условия продажи:
По рецепту
Описание: Порошок белого или белого с желтоватым оттенком цвета.

Состав меропенабола в порошке

Активное вещество меропенабола

меропенема тригидрат (в пересчете на меропенем) 0,5 г или 1,0 г
0,5 г немесе 1,0 г меропенем тригидраты (меропенемге шаққанда)

Вспомогательные вещества в меропенаболе

натрия карбонат
натрий карбонаты

Показания к применению порошка меропенабола

В качестве монотерапии и в составе комплексной терапии:
  • бактериальные инфекции верхних и нижних дыхательных путей, в т.ч. пневмония, включая госпитальную;
  • инфекции, вызванные синегнойной палочкой;
  • абдоминальные инфекции, включая осложненный аппендицит, перитонит, пельвиоперитонит;
  • инфекционно-воспалительные заболевания органов малого таза, включая эндометрит;
  • инфекции кожи и мягких тканей, в т.ч. рожа, импетиго, вторично инфицированные дерматозы;
  • пиелонефрит, пиелит;
  • бактериальный эндокардит;
  • бактериальный менингит;
  • сепсис;
  • дизентерия;
  • подозрение на бактериальную инфекцию у взрослых с фебрильными эпизодами на фоне нейтропении (эмпирическое лечение).
Монотерапия ретінде және кешенді ем құрамында:
  • жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының бактериялық жұқпаларында, оның ішінде ауруханалықты қоса пневмонияда;
  • көкірің таяқшалары туындатқан жұқпаларда;
  • асқынған аппендицит, перитонит, пельвиоперитонитті қоса, абдоминальды жұқпаларда;
  • эндометритті қоса, кіші жамбас мүшелерінің жұқпалы-қабыну ауруларында;
  • тері мен жұмсақ тіндер жұқпаларында, оның ішінде тілме, импетиго, салдарлы жұқпаланған дерматоздарда;
  • пиелонефрит, пиелитте;
  • бактериялық эндокардитте;
  • бактериялық менингитте;
  • сепсисте;
  • дизентерияда;
  • фебрильді эпизодтармен нейтропения (эмпирикалық ем ) көрінісінде, ересектерде бактериялық жұқпаға күдікте.

Противопоказания меропенабола в порошке

  • гиперчувствительность, в том числе и к другим бета-лактамным антибиотикам;
  • детям до 3-х месяцев.
  • асқын сезімталдық, оның ішінде басқа да бета-лактамды антибиотиктерге;
  • 3-айға дейінгі балаларға.

Побочные действия порошка меропенабола

Для препарата свойственна минимальная токсичность; терапия обычно хорошо переносится, серьезные нежелательные лекарственные реакции наблюдаются редко. Для оценки частоты встречаемости побочных реакций используются следующие категории «часто» (от 1% до 10%), «нечасто» (от 0,1% до 1%), «редко» (от 0,1% до 0,01%), «очень редко» (менее 0,01%).

Часто:
  • головная боль;
  • тошнота, рвота, диарея;
  • повышение концентрации щелочной фосфатазы и лактатдегидрогеназы в сыворотке крови;
  • кожная сыпь, кожный зуд;
  • воспаление и боль в месте введения.
Нечасто:
  • эозинофилия, обратимая тромбоцитопения;
  • повышение концентрации билирубина в сыворотке крови.
Редко:
  • судороги.
Очень редко:
  • лейкопения, нейтропения, агранулоцитоз, гемолитическая анемия;
  • ангионевротический отек, анафилаксия;
  • парестезии;
  • псевдомембранозный колит;
  • крапивница, многоформная (экссудативная) эритема, синдром Стивенса-Джонсона, токсический эпидермальный некролиз;
  • тромбофлебит;
  • вагинальный кандидоз, кандидоз слизистой оболочки полости рта;
  • положительная прямая или непрямая проба Кумбса;
  • снижение частичного тромбопластинового времени.
Препараттың уыттылығы өте төмен; әлбетте ем жақсы көтерілімді, күрделі жағымсыз дәрілік реакциялары сирек кездеседі. Жағымсыз реакцияларының кездесу жиілігін бағалау үшін, келесі категориялар «жиі» ( 1% -дан 10% -ға дейін), «жиі емес» (0,1% -дан 1% -ға дейін), «сирек» (0,1%-дан 0,01%-ға дейін), «өте сирек» (0,01%-дан төмен) пайдаланылады.

Жиі:
  • бас ауруы;
  • жүрек айнуы, құсу, диарея;
  • сілтілі фосфатаза және лактатдегидрогеназаның қан сарысуындағы концентрациясының жоғарылауы;
  • тері бөртпесі, терінің қышуы;
  • енгізілген орындағы қабыну және ауыру.
Жиі емес:
  • эозинофилия, қайтымды тромбоцитопения;
  • қан сарысуындағы билирубин концентрациясының жоғарылауы.
Сирек:
  • құрысулар.
Өте сирек:
  • лейкопения, нейтропения, агранулоцитоз, гемолитикалық анемия;
  • ангионевротикалық ісік, анафилаксия;
  • парестезиялар;
  • жалған жарғақшалы колит;
  • есекжем, көптүрлі (экссудативная) эритема, Стивенса-Джонсон синдро-мы, уытты эпидермальды некролиз;
  • тромбофлебит;
  • қынаптық кандидоз, ауыз қуысы шырышты қабатының кандидозы;
  • Кумбстың оң немесе теріс сынамасы;
  • аздаған тромбопластинді уақыттың төмендеуі.

Особые указания к применению

Может применяться для комбинированной терапии в сочетании с другими антибиотиками. Пациенты, имеющие в анамнезе гиперчувствительность к пенициллинам или цефалоспоринам, могут проявлять гиперчувствительность к меропенему.

У лиц с жалобами на ЖКТ, особенно страдающих колитами, необходимо учитывать возможность развития псевдомембранозного колита (токсин, продуцируемый Clostridium difficile, является одной из основных причин колитов, связанных с антибиотиками), первым симптомом, которого может служить развитие диареи на фоне лечения. Во время лечения препаратом возможно получение положительных прямой и непрямой проб Кумбса.

Беременность и период лактации
Безопасность применения меропенема во время беременности не изучалось. Применение Меропенабола у женщин во время беременности возможно в случаях, когда предполагаемая польза для матери превышает потенциальный риск для плода, и должно осуществляться под наблюдением специалиста. При необходимости применения препарата в период лактации грудное вскармливание прекращают.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или другими потенциально опасными механизмами
Меропенабол не оказывает влияние на способность управлять транспортными средствами или другими потенциально опасными механизмами.
Басқа антибиотиктермен біріктіріліп кешенді ем үшін қолданылуы мүмкін. Сыртартқысында пенициллинге немесе цефалоспоринге асқын сезімталдылығы бар емделушілер, меропенемге асқын сезімталдылық білдіруі мүмкін.

АІЖ- ға шағымы бар тұлғалар, әсіресе колитпен зардап шегетіндер, алғашқы белгісі емдеу барысында диареяның дамуы болып табылатын жалғанжарғақшалы колиттің даму қаупін ескеруі керек (Clostridium difficile өндіретін токсин, колиттердің антибиотиктермен байланысты ең негізгі себептерінің бірі болып табылады). Препаратпен емдеу кезінде Кумбстың тікелей және тікелей емес оң сынамасын алуға болады.

Жүктілік және лактация кезеңі
Меропенемнің жүктілік кезінде қолдану қауіпсіздігі зерттелген жоқ. Меропенаболды әйелдерде жүктілік кезінде қолдану анаға деген күтілген пайда, ұрыққа деген қауіптен жоғары болған жағдайларда мүмкін және маманның бақылауымен жүзеге асыру керек. Препаратты лактация кезеңінде қабылдау қажеттігінде емшекпен қоректендіруді тоқтатады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Меропенабол көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Дозировка и способ применения

Меропенабол вводится в виде внутривенной болюсной инъекции в течение не менее 5 минут, либо в виде внутривенной инфузии в течение 15-30 минут. Дозировка и продолжительность терапии устанавливается в зависимости от типа и тяжести инфекции и состояния больного.

Рекомендованные дозы:

Взрослым.
0,5 г внутривенно каждые 8 часов при лечении пневмонии, инфекций мочеполового тракта, гинекологических инфекций, таких как эндометрит, воспалительных заболеваний тазовых органов, инфекций кожи и мягких тканей. 1,0 г внутривенно каждые 8 часов при лечении госпитальных пневмоний, перитонита, подозрении на бактериальную инфекцию у больных с нейтропенией, а также сепсиса. При лечении менингита рекомендуемая доза составляет 2 г каждые 8 часов. При хронической почечной недостаточности дозу корректируют в зависимости от клиренса креатинина (КК): при КК 26-50 мл/мин - по 0,5-1,0 г 2 раза в сутки, 10-25 мл/мин - по 0,25-0,5 г 2 раза в сутки, менее 10 мл/мин - по 0,5 г 1 раз в сутки. Меропенабол выводится при гемодиализе. Если требуется продолжительное лечение, рекомендуется, чтобы единица дозы (определяется в зависимости от типа и тяжести инфекций) вводилась по завершении процедуры гемодиализа, чтобы восстановить эффективную концентрацию в плазме.

Детям
В возрасте от 3-х месяцев до 12 лет рекомендуемая доза для внутривенного введения составляет 10-20 мг/кг каждые 8 часов в зависимости от типа и тяжести инфекции, чувствительности патогенного микроорганизма и состояния больного. У детей весом более 50 кг следует использовать дозировки, указанные для взрослых. При менингите рекомендуемая доза составляет 40 мг/кг каждые 8 часов. Максимальная доза не должна превышать 2 г каждые 8 часов.

Приготовление растворов.
Для внутривенных болюсных инъекций препарат растворяют в воде для инъекций (0,5 г препарата на 10 мл). Это обеспечивает концентрацию раствора 50 мг/мл. Для внутривенных инфузий препарат растворяют в воде для инъекций или в совместимой инфузионной жидкости, после растворения полученный раствор добавляют в совместимую инфузионную жидкость до объема готового раствора 50-200 мл.

Препарат Меропенабол, совместим со следующими инфузионными жидкостями:
  • 0,9% раствором натрия хлорида для внутривенных инфузий;
  • 5% раствором декстрозы для внутривенных инфузий;
  • 10% раствором декстрозы для внутривенных инфузий;
  • водным раствором, содержащим 5% декстрозы и 0,02% натрия гидрокарбоната;
  • водным раствором, содержащим 0,9% натрия хлорида и 5% декстрозы;
  • водным раствором, содержащим 5% декстроза и 0,225% натрия хлорида;
  • водным раствором, содержащим 5% декстрозы и 0,15% калия хлорида;
  • 2,5% раствором маннитола для внутривенных инфузий;
  • 10% раствором маннитола для внутривенных инфузий.
Препарат не должен смешиваться с растворами, содержащими другие препараты.
Меропенабол көктамырішілік болюсты инъекция түрінде 5 минуттан кем емес аралықта, немесе көктамырішілік инфузиямен 15-30 минут аралығында енгізіледі. Дозасы және емнің ұзақтығы жұқпаның ауырлығы мен түріне және аурудың жағдайына байланысты тағайындалады.

Ұсынылған дозалар:

Ересектерге.
Пневмония, несеп жыныс жолдарының жұқпалары, эндометрит секілді, гинекологиялық жұқпалар, жамбас мүшелерінің жұқпалы аурулары, тері және жұмсақ тіндердің жұқпаларын емдегенде көктамыр ішіне әрбір 8 сағат сайын 0,5 г -ден. Ауруханалық пневмония, перитонит, нейтропениямен ауруларда бактериялық жұқпаға күдікте, сондай- ақ сепсисті емдегенде көктамыр ішіне әрбір 8 сағат сайын 1,0 г - ден. Менингитті емдегенде ұсынылған доза әрбір 8 сағат сайын 2 г- ды құрайды. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде дозаны креатинин клиренсіне (КК) байланысты түзетеді: КК 26-50 мл/мин болғанда - 0,5-1,0 г-дан тәулігіне 2 рет, 10-25 мл/мин болғанда - 0,25-0,5 г-дан тәулігіне 2 рет, 10 мл/мин төмен болғанда - 0,5 г-дан тәулігіне 1 рет. Меропенабол гемодиализде шығарылады. Егер ұзақ емдеу қажет болса доза бірлігін (жұқпаның түрі мен ауырлығына байланысты анықталады), плазмадағы тиімді концентрациясын қалпына келтіру үшін, гемодиализ іс шарасын аяқтағаннан кейін енгізу ұсынылады.

Балаларға
3-айдан 12 жасқа дейін жұқпаның түрі мен ауырлығына байланысты, патогенді микроорганизмдердің сезімталдығына және аурудың жағдайына байланысты көктамыр ішіне енгізуге үшін ұсынылған доза әр 8 сағат сайын 10-20 мг/кг- ды құрайды. Менингитте ұсынылған доза әр 8 сағат сайын 40 мг/кг-ды құрайды. Ең жоғарғы доза әр 8 сағат сайын 2 г- дан аспауы керек.

Ерітіндіні дайындау.
Көктамырішілік болюсты инъекция үшін препаратты инъекцияға арналған суда (10 мл-ге 0,5г препараттан) ерітеді. Бұл 50 мг/мл ерітінді концентрациясымен қамтамасыз етеді. Көктамырішілік инфузия үшін препаратты инъекцияға арналған суда немесе сыйымды инфузиялық сұйықтықта ерітеді, еріткеннен кейін алынған ерітіндіні 50-200 мл. дайын ерітінді көлеміне дейін сыйымды инфузиялық сұйыққа қосады.

Меропенабол препараты, келесі инфузиялық сұйықтықтармен сыйымды:
  • 0,9% натрий хлоридінің көктамыр ішіне инфузияға арналған ерітіндісі;
  • 5% декстрозаның көктамыр ішіне инфузияға арналған ерітіндісі;
  • 10% декстрозаның көктамыр ішіне инфузияға арналған ерітіндісі;
  • құрамында 5% декстроза және 0,02% натрий гидрокарбонаты бар сулы ерітінді;
  • құрамында 0,9% натрий хлориді және 5% декстроза бар сулы ерітінді;
  • құрамында 5% декстроза және 0,225% натрий хлориді бар сулы ерітінді;
  • құрамында 5% декстроза және 0,15% калий хлориді бар сулы ерітінді;
  • 2,5% маннитолдың көктамыр ішіне инфузияға арналған ерітіндісі;
  • 10% маннитолдың көктамыр ішіне инфузияға арналған ерітіндісі;
Препаратты құрамында басқа препараттар бар ерітінділермен араластыруға болмайды.

Взаимодействие с лекарствами

Совместим с 0,9% раствором натрия хлорида для внутривенных инфузий; 5% раствором декстрозы для внутривенных инфузий; 10% раствором декстрозы для внутривенных инфузий; водным раствором, содержащим 5% декстрозы и 0,02% натрия гидрокарбоната; водным раствором, содержащим 0,9% натрия хлорида и 5% декстрозы; водным раствором, содержащим 5% декстроза и 0,225% натрия хлорида; водным раствором, содержащим 5% декстрозы и 0,15% калия хлорида; 2,5% раствором маннитола для внутривенных инфузий; 10% раствором маннитола для внутривенных инфузий.

Совместимость меропенема с другими лекарственными препаратами не установлена. Ганцикловир повышает риск развития генерализованных судорог. Меропенем и его растворы не следует смешивать или добавлять в растворы, содержащие другие лекарственные препараты. Учитывая низкое связывание меропенема с белками плазмы (около 2 %), вероятность его взаимодействия с другими препаратами крайне мала. Лекарственные средства, блокирующие канальцевую секрецию, замедляют выведение и увеличивают концентрацию меропенема в плазме.
Көктамыр ішіне инфузия үшін натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісімен; көктамыр ішіне инфузия үшін декстрозаның 5% ерітіндісімен; көктамыр ішіне инфузия үшін декстрозаның 10% ерітіндісімен; құрамында 5% декстроза және 0,02% натрий гидрокарбонаты бар сулы ерітіндімен; құрамында 0,9% натрий хлориді және 5% декстроза бар сулы ерітіндімен; құрамында 5% декстроза және 0,225% натрий хлориді бар сулы ерітіндімен; құрамында 5% декстроза және 0,15% калий хлориді бар сулы ерітіндімен; көктамыр ішіне инфузия үшін маннитолдың 2,5% ерітіндісімен; көктамыр ішіне инфузия үшін маннитолдың 10% ерітіндісімен сыйымды; Меропенемнің басқа препараттармен сыйымдылығы анықталмаған.

Ганцикловир жайылған құрысулардың даму қаупін жоғарылатады. Меропенем және оның ерітінділерін құрамында басқа дәрілік препараттар бар ерітінділерге қосуға немесе араластыруға болмайды. Меропенемнің плазма ақуыздарымен ( 2 % -ға жуық ) байланысуының төмендігін ескере отырып, оның басқа препараттармен өзара әсерлесу мүмкіндігі өте төмен. Өзекшелік сөліністі бөгейтін дәрілік заттар меропенемнің плазмадағы концентрациясын арттырады және шығарылуын тежейді.

Передозировка меропенаболом в порошке

Симптомы: можно ожидать проявлений побочных действий, зарегистрированных при использовании препарата (тошнота, рвота, головная боль); высокая концентрация бета-лактамных антибиотиков в цереброспинальной жидкости может привести к неврологическим нарушениям, включая судороги.

Лечение: симптоматическая и поддерживающая терапия. В тяжелых случаях – гемодиализ, особенно при передозировке у больных с нарушенной функцией почек.
Белгілері: препаратты пайдалануда тіркелген жағымсыз әсерлері пайда болуы мүмкін (жүрек айнуы, құсу, бас ауыруы); жұлын сұйықтығындағы бета-лактамды антибиотиктердің жоғары концентрациясы құрысуды қоса, неврологиялық бұзылыстарға әкеледі.

Емі: симптоматикалық және демеуші ем. Ауыр жағдайларда, әсіресе бүйрек қызметінің бұзылысымен науқастарда артық дозаланғанда– гемодиализ.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

При внутривенной инфузии в дозе 250 мг в течение 30 минут максимальная концентрация в плазме крови (Сmax) - 11 мкг/мл, при введении в дозе 500 мг - 23 мкг/мл, при введении в дозе 1000 мг - 49 мкг/мл (абсолютной фармакокинетической пропорциональной зависимости от введенной дозы для Сmax и AUC нет). При увеличении дозы с 0,25 до 2,0 г общий клиренс уменьшается с 287 до 205 мл/мин. При внутривенном болюсном введении в течение 5 минут в дозе 0,5 г Сmax – 52 мкг/мл, 1,0 г - 112 мкг/мл. Связь с белками плазмы крови - 2%.

Хорошо проникает в большинство тканей и жидкостей организма, в т.ч. в спинномозговую жидкость больных бактериальным менингитом, достигая концентраций, превышающих требуемые для подавления большинства бактерий (бактерицидные концентрации создаются через 0,5-1,5 часа после начала инфузии). В незначительных количествах проникает в грудное молоко.

Малая часть подвергается метаболизму в печени с образованием единственного неактивного метаболита. Период полувыведения (Т1/2) - 1час, у детей до 2 лет -1,5-2,3 часа. В диапазоне доз 10-40 мг/кг у взрослых и детей наблюдается линейная зависимость фармакокинетических параметров. Не кумулирует. Около 70% от введенной дозы выводится почками в неизменном виде в течение 12 часов. Концентрация меропенема в моче, превышающая 10 мкг/мл, поддерживается в течение 5 часов после введения 0,5 г препарата.

У больных с почечной недостаточностью клиренс меропенема коррелирует с клиренсом креатинина (КК). У пожилых пациентов снижение клиренса меропенема коррелирует со снижением КК, связанного с возрастом. Выводится при гемодиализе.
250 мг дозада 30 минут көктамыр ішіне инфузияда ең жоғарғы қан плазмасындағы концентрациясы (Сmax) - 11 мкг/мл, 500 мг дозада енгізгенде - 23 мкг/мл, 1000 мг дозада енгізгенде - 49 мкг/мл (Сmax және AUC үшін абсолютті фармакокинетикалық дозаға пропорциональды тәуелділігі жоқ).

Дозаны 0,25-тен 2,0 грамға дейін арттырғанда жалпы клиренс 287 ден 205 мл/минутқа дейін азаяды. Көктамыр ішіне болюсты 5 минут ішінде 0,5 г дозада енгізгенде Сmax – 52 мкг/мл, 1,0 г - 112 мкг/мл. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы - 2%.

Ағзаның көптеген тіндері мен сұйықтықтарына оның ішінде бактериялық менингитпен науқастардың жұлын сұйықтығына, көптеген бактерияларды (бактерицидті концентрация инфузияны бастағаннан кейін 0,5-1,5 сағатта түзіледі) бәсеңдетуге қажетті деңгейден жоғары концентрацияға жетіп, жақсы сіңеді. Аздаған мөлшерде емшек сүтіне өтеді.

Аздаған бөлігі бауырда жалғыз белсенсіз метаболит түзе отырып, метаболизденеді. Жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) - 1сағат, 2 жасқа дейінгі балаларда -1,5-2,3 сағат. Ересектер мен балаларда 10-40 мг/кг доза диапазонында фармакокинетикалық параметрлері дозаға байланысты болады. Жинақталмайды. Енгізілген дозаның 70% бүйректер арқылы өзгермеген түрінде 12 сағат аралығында шығарылады. 0,5 г препаратты енгізгеннен кейін 5 сағат ішінде несепте 10 мкг/мл- ден асатын меропенем концентрациясы сақталады.

Бүйрек жеткіліксіздігімен науқастарда меропенем клиренсі креатинин клиренсімен (КК) коррелляцияланады. Егде емделушілерде меропенем клиренсінің төмендеуі жасына байланысты КК төмендеуімен коррелляцияланады. Гемодиализбен шығарылады.

Фармакодинамика

Меропенем - антибиотик из группы карбапенемов для парентерального применения. Устойчив к почечной дегидропептидазе-1, действует бактерицидно, легко проникает через клеточную стенку бактерий, устойчив к действию большинства бета-лактамаз, обладает высоким аффинитетом к пенициллино-связывающим белкам (PBPs).

Взаимодействует с рецепторами - специфическими пенициллиносвязывающими белками на поверхности цитоплазматической мембраны бактерий; за счет подавления транспептидазы тормозит синтез пептидогликанов клеточной стенки, что в итоге вызывает ее повреждение и гибель бактерий. Среди известных бета-лактамных антибиотиков обладает наиболее высокой активностью в отношении большинства аэробных и анаэробных грамположительных и грамотрицательных микроорганизмов.

Активен в отношении грамположительных аэробов: Bacillus spp., Corynebacterium diphtheriae, Enterococcus liquifaciens, Enterococcus avium, Enterococcus faecalis, Listeria monocytogenes, Lactobacillus spp., Nocardia asteroides, Staphylococcus aureus (в т.ч. пенициллиназопродуцирующих), Staphylococcus spp. (коагулазо-негативных), в т.ч. Staphylococcus saprophyticus, Staphylococcus capitis, Streptococcus pneumoniae (в т.ч. штаммы, устойчивых к пенициллину), Streptococcus agalactiae, Streptococcus pyogenes, Streptococcus equi, Streptococcus bovis, Streptococcus mitis, Streptococcus viridans, Streptococcus salivarius, Streptococcus morbillorum, Streptococcus spp.(группы G и F), Rhodococcus equi;

грамотрицательных аэробов: Achromobacter xylosoxidans, Acinetobacter anitratus, Acinetobacter lwoffii, Acinetobacter baumannii, Aeromonas hydrophila, Aeromonas sorbria, Aeromonas caviae, Alcaligenes faecalis, Bordetella bronchiseptica, Brucella melitensis, Campylobacter coli, Campylobacter jejuni, Citrobacter freundii, Citrobacter diversus, Citrobacter amalonaticus, Enterobacter aerogenes, Enterobacter agglomerans, Enterobacter cloacae, Escherichia coli, Gardnerella vaginalis, Haemophilus influenzae (включая бета-лактамазопродуцирующие и ампициллиноустойчивые штаммы), Haemophilus parainfluenzae, Haemophilus ducreyi, Helicobacter pylori, Neisseria meningitidis, Neisseria gonorrhoeae (включая штаммы бета-лактамазоположительные, устойчивые к пенициллинам и спектиномицину), Hafhia alvei, Klebsiella pneumoniae, Klebsiella aerogenes, Klebsiella ozaenae, Klebsiella oxytoca, Moraxella catarrhalis, Morganella morganii, Proteus mirabilis, Proteus vulgaris, Providencia rettgeri, Providencia stuartii, Providencia alcalifaciens, Pasteurella multocida, Pseudomonas shigelloides, Pseudomonas aeruginosa, Pseudomonas putida, Pseudomonas alcaligenes, Burkholderia cepacia, Pseudomonas fluorescens, Pseudomonas stutzeri, Stenotrophomonas. Salmonella spp., включая Salmonella typhi, Serratia marcescens, Serratia liquifaciens, Serratia spp., Shigella sonnei, Shigella flexneri, Shigella dysenteria, Vibrio cholerae, Vibrio parahaemolyticus, Vibrio vulnificus, Yersinia enterocolitica;

анаэробных бактерий: Actinomyces israelii, Bacteroides spp. (в т.ч. Bacteroides fragilis, Bacteroides vulgatus, Bacteroides variabilis, Bacteroides pneumosintes, Bacteroides coagulans, Bacteroides uniformis, Bacteroides distasonis, Bacteroides ovatus, Bacteroides thetaiotaomicron), Prevotella spp. (в т.ч. Prevotella melaninogenica, Prevotella buccae, Prevotella denticola, Prevotella levii), Porphyromonas spp. (в т.ч. Porphyromonas asaccharolyticus), Bifidobacterium spp., Clostridium perfringens, Clostridium difficile, Clostridium sporogenes, Clostridium cadaveris, Clostridium sordellii, Clostridium butyricum, Clostridium clostridiiformis, Clostridium tetani, Eubacter lentum, Eubacter aerofaciens, Fusobacterium mortiferum, Fusobacterium necrophorum, Mobiluncus curtisii, Mobiluncus mulieris, Peptostreptococcus anaerobius, Peptostreptococcus micros, Peptostreptococcus saccharolyticus, Peptococcus magnus, Peptococcus prevotii, Propionibacterium acne, Propionibacterium avidium, Propionibacterium granulosum.
Меропенем - парентеральді қолдануға арналған карбапенем тобының антибиотигі. Бүйректік 1- дегидропептидазаға төзімді, бактерицидті әсері бар, бактериялардың жасушалық қабырғасы арқылы жеңіл өтеді, көптеген бета-лактамазалардың әсеріне төзімді, пенициллин-байланыстырушы ақуыздарға (PBPs) жоғары аффинитеттілігі бар. Бактерияның цитоплазмалық жарғақшасының бетінде рецепторлармен – арнайы пенициллин-байланыстырушы ақуыздармен өзара әсерлеседі; транспептидазаны бәсеңдету арқылы жасуша қабырғасының пептидогликандарының синтезін тежейді, ол ақыры оның зақымдануына және бактерияның қырылуына әкеледі.

Белгілі бета-лактамды антибиотиктер ішінде көптеген аэробты және анаэробты грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге қатысты жоғары белсенділікке ие.

Грамоң аэробтарға: Bacillus spp., Corynebacterium diphtheriae, Enterococcus liquifaciens, Enterococcus avium, Enterococcus faecalis, Listeria monocytogenes, Lactobacillus spp., Nocardia
asteroides, Staphylococcus aureus (оның ішінде пенициллиназоөндіруші),
Staphylococcus spp. (коагулазо-негативті), оның ішінде Staphylococcus saprophyticus,
Staphylococcus capitis, Streptococcus pneumoniae (оның ішінде пенициллинге төзімді штаммдар), Streptococcus agalactiae, Streptococcus pyogenes, Streptococcus
equi, Streptococcus bovis, Streptococcus mitis, Streptococcus viridans, Streptococcus
salivarius, Streptococcus morbillorum, Streptococcus spp.(G және F тобы), Rhodococcus equi;

грамтеріс аэробтар: Achromobacter xylosoxidans, Acinetobacter anitratus, Acinetobacter lwoffii, Acinetobacter baumannii, Aeromonas hydrophila, Aeromonas sorbria, Aeromonas caviae, Alcaligenes faecalis, Bordetella bronchiseptica, Brucella melitensis, Campylobacter coli, Campylobacter jejuni, Citrobacter freundii, Citrobacter diversus, Citrobacter amalonaticus, Enterobacter aerogenes, Enterobacter agglomerans, Enterobacter cloacae, Escherichia coli, Gardnerella vaginalis, Haemophilus influenzae (бета-лактамазоөндіруші және ампициллинге төзімді штамдарды қоса), Haemophilus parainfluenzae, Haemophilus ducreyi, Helicobacter pylori, Neisseria meningitidis, Neisseria gonorrhoeae (бета-лактамазооң штамдарын қоса, пенициллиндерге және спектиномицинге төзімділер), Hafhia alvei, Klebsiella pneumoniae, Klebsiella aerogenes, Klebsiella ozaenae, Klebsiella oxytoca, Moraxella catarrhalis, Morganella morganii, Proteus mirabilis, Proteus vulgaris, Providencia rettgeri, Providencia stuartii, Providencia alcalifaciens, Pasteurella multocida, Pseudomonas shigelloides, Pseudomonas aeruginosa, Pseudomonas putida, Pseudomonas alcaligenes, Burkholderia cepacia, Pseudomonas fluorescens, Pseudomonas stutzeri, Stenotrophomonas. Salmonella spp., қоса Salmonella typhi, Serratia marcescens, Serratia liquifaciens, Serratia spp., Shigella sonnei, Shigella flexneri, Shigella dysenteria, Vibrio cholerae, Vibrio parahaemolyticus, Vibrio vulnificus, Yersinia enterocolitica;

анаэробты бактериялар: Actinomyces israelii, Bacteroides spp. (оның ішінде Bacteroides fragilis, Bacteroides vulgatus, Bacteroides variabilis, Bacteroides pneumosintes, Bacteroides coagulans, Bacteroides uniformis, Bacteroides distasonis, Bacteroides ovatus, Bacteroides thetaiotaomicron), Prevotella spp. (оның ішінде Prevotella melaninogenica, Prevotella buccae, Prevotella denticola, Prevotella levii), Porphyromonas spp. (оның ішінде Porphyromonas asaccharolyticus), Bifidobacterium spp., Clostridium perfringens, Clostridium difficile, Clostridium sporogenes, Clostridium cadaveris, Clostridium sordellii, Clostridium butyricum, Clostridium clostridiiformis, Clostridium tetani, Eubacter lentum, Eubacter aerofaciens, Fusobacterium mortiferum, Fusobacterium necrophorum, Mobiluncus curtisii, Mobiluncus mulieris, Peptostreptococcus anaerobius, Peptostreptococcus micros, Peptostreptococcus saccharolyticus, Peptococcus magnus, Peptococcus prevotii, Propionibacterium acne, Propionibacterium avidium, Propionibacterium granulosum қатысты белсенді.

Упаковка и форма выпуска

По 0,5 г или 1,0 г активного вещества в стеклянные флаконы вместимостью 20 мл или 30 мл. По 1 флакону в картонную пачку вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках.
Сыйымдылығы 20 мл немесе 30 мл шыны құтылардағы белсенді зат 0,5 г немесе 1,0 г-ден. 1 құтыдан мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.